150-ден астам студент Coursera сертификатын алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 наурыз 2023
  • 852

150-ден астам студент Coursera сертификатын алды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Coursera халықаралық білім беру платформасы бойынша 500-ге жуық студент білім алуда. Қазіргі уақытта олардың 150-ден астамы сертификат иеленді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен халықаралық Coursera білім беру платформасындағы алғашқы 50 курс қазақ тіліне аударылды. Бүгінде білім алушылар үшін қазақ тіліндегі курстар қолжетімді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларына 1 жылға 500 лицензия берілген.
Академиялық дәрежесі бойынша бакалавриаттан 19 білім беру бағдарламасы, магистратурадан 4 білім беру бағдарламасы бойынша қатысушылар курстан өтуде.
Статистика бойынша білім алушылар осы кезге дейін «Programming for Everybody», «Эффективное решение проблем и принятие решений», «Инновациялық ұйымдарды құру және дамыту», «Кәсіпкерлік негіздері: ойлау және әрекет», «Using Python to Access Web Data», «Инженерлерге арналған матрицалық алгебра», «Жоба басқару: табыс негіздері», «Иженерлерге арналған дифференциалдық теңдеулер» курстарына көп тіркелген.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...