Ұлбосын Сәкенова - халықаралық байқау жеңімпазы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 наурыз 2023
  • 1105

Ұлбосын Сәкенова - халықаралық байқау жеңімпазы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 7М01409 - Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) білім беру бағдарламасының магистранты Ұлбосын Сәкенова халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы атанды. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Khazar University және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті «Bilim zhane Bolashak» халықаралық байқауын өткізді. Конкурсқа қазақстандық және шетелдік орта білім беру мекемелерінің педагогтары, жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Негізгі кезеңде 151 қатысушының 37-сі барлық талаптардан өтіп, рецензенттерден жоғары балл алды.

Ұлбосын Сәкенқызы халықаралық байқауға «Ұлттық костюм тарихы призмасы арқылы дизайнға шығармашылық көзқарас» тақырыбындағы мақаласын ұсынды. Жеңімпаздың ғылыми жетекшісі – Педагогика және дәстүрлі өнер институтының «Дизайн және технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ләззат Шілдебаева.

Айта кетейік, ұйымдастыру комитетінің таңдауы бойынша халықаралық конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарының жұмыстары «Eurasian Scientific and Methodological Journal «East-West» ғылыми-әдістемелік журналында жарияланады.

f5f1a942-201a-4e60-9de0-d08a4ad02245.jfif


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...