Әзілхан Тәжекеев: «ГЕРМАНИЯДА АРХЕОЛОГИЯ БОЙЫНША МОЛ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫМ»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 сәуір 2023
  • 1051

Әзілхан Тәжекеев: «ГЕРМАНИЯДА АРХЕОЛОГИЯ БОЙЫНША МОЛ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫМ»

Ел ғалымдары «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарында тағылымдамадан өтуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттің «Тарих» кафедарасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы (PhD) Әзілхан Тәжекеев Германияның Тюбинген университетінде ғылыми тағылымдаман өтіп, жуырда елге оралды.

Осы орайда шетелде біліктілігін шыңдаған ғалыммен оқу процесі, бағдарламаның маңыздылығы туралы сұхбат жүргіздік.

Бір жылға жуық уақыт Германияда ғылыми тағылымдамадан өттіңіз. Бұл елдегі білім беру жүйесінің ерекшелігі неде? Германияны таңдауыңызға не себеп болды?

Әр елдің білім саласының өзіндік ерекшелігі болатыны рас.  Германияда  археологиялық құнды жәдігерлер, ескерткіштерді қорғау саласы бойынша аймақтардың өз заңдары қалыптасқан. Мен Германияның Баден аймағының орталығы Штутгард қаласында білімімді жетілдіріп, ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханалар ұйымдастырған қазба жұмыстарына қатыстым. Оқу барысында археология саласы бойынша ғылыми зерттеу жүйесіне ерекше назар аудардым.

Не себепті Германия, оның ішінде Тюбинген университетін таңдағаныма келетін болсақ, бұрыннан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Тюбинген университеті арасында әріптестік байланыс бар. Сондай-ақ, Тюбинген университеті әлемнің үздік оқу орындарының қатарына жатады. Ең бастысы мұнда археология саласы жақсы дамыған. Археологияның барлық кезеңдері – тас, темір, қола дәуірі, ортағасырлық кезеңдерді жеке институт, кафедралар толықтай зерттеумен айналысады. Сондықтан бұл жақта білім алудың маңызыдылығы өте зор.

Шетелде тағылымдамадан өту сізге қандай мүмкіндіктер берді? Тың жаңалықтар көп болды ма?

Бұл тағылымдама маған үлкен мүмкіндік пен ғылыми тәжірибе берді. Тюбинген университетімен қатар Германия археология институтының Бон және Берлин қаласындағы филиалдарында жұмыс істедім. Олардың кітапхана, зертханаларын аралап, жәдігерлерді қалай өңдеп, қалпына келтіретіні, ғылыми мақаланы қалай жазатыны жөнінде деректермен таныстым. Батыс Еуропа археологиясы туралы мағұлматтар алып, археология ғылымында жартылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану, біздің елімізде енді дамып келе жатқан «ландшафты археология» туралы қажетті ақпарттар алдым. Алдағы уақытта ғылыми зерттеу әдістерін өзіміздегі зерттеу жұмыстарында қолданатын боламыз.

Оқу процесі қай тілде жүргізілді?

Оқытушылар неміс тілінде сөлейді, бірақ ағылшын тілін жақсы меңгерген. Сондықтан, ағылшын тілінен курсқа қатысып, тілді үйрендім.

«500 ғалым» жобасы бойынша шетелде білім алудың шарттары қандай?

«500 ғалым» жобасы бойынша былтырғыдан биылғы талаптар сәл өзгеше деп естідім. Былтыр біз тапсырған кезде тағылымдамадан өтетін оқу орнынан шақырту алу, алда атқарылатын жұмыстардың жоспары міндетті түрде болуы керек еді. Шақыртушы жақ пен жіберуші тараптың басшылық құрамы  жоспарды бекітіп беретін. Себебі, жоспарсыз бару нәтижесін бермейді.

Биылғы талаптың бірі – баратын елдің тілін білу керек. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу орталығы немесе білім беру мекемесінің атынан бару қажет. Кез келген оқу орнын таңдамай, бұрыннан байланыс жасап жүрген және әлемнің үздік оқу орындарынан шақырту алу да өте маңызды.

Алдағы уақытта қандай зерттеу жұмыстарымен айналыспақсыз?

Алдағы жоспарларымыз ауқымды. Университет жанындағы «Археология және этнография» орталығының бекітілген жоспарына сәйкес жұмыс жүргізетін боламыз. Жанкент қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары енді Халықаралық Түркі Академиясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіледі. Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен бірлесіп ғұн, сармат дәуірінің ескерткіштерін зерттеуге бағытталған жобаны бастамақпыз. Бұл жоба аясында Жетіасар ескерткіштерінде зерттеу жүргіземіз. Жанкенттегі археологиялық  жұмыстарды қорытындылап, бірнеше томдық еңбек жариялау да ойда бар. Сондай-ақ, Ресей, Германия зерттеу орталықтарының ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істемекпіз.

Уақыт бөлгеніңізге рақмет!

WhatsApp Image 2023-04-07 at 15.55.18 (1).jpeg

Әңгімелескен:  Айдана ЖҰМАДИНОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...