- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы

Өскенбай Көзбековтің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Өскенбай Көзбековтің 60 жылдығына арналған «Қазақ филологиясының өзекті мәселелері: зерттелуі, оқытылуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов жүргізді.
Конференцияда Өскенбай Көзбековтің ғылым мен білім саласын дамыту жолындағы еңбегі туралы кеңінен айтылды.
«Әдебиеттанушы ғалым, оралхантанушы Өскенбай Көзбеков – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қызмет атқарды. Университеттегі Өскенбай Көзбеков атындағы қолжазбаларын әкеліп, табыстадық. Алдағы уақытта бұл қолжазбалар студенттердің зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін құнды материал болары сөзсіз», - деді ғалым Бижомарт Қапалбеков.
Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті Алдажар Әбілов ғалымның Оралхантануға не қосқанына тоқталды.
«Зерттеуші Өскенбай Көзбеков жазушы Оралхан Бөкей шығармаларындағы реалистік сипатты анықтау барысында автордың өз сөзіне жүгіне отырып, талдау жасайды. Нәтижесінде жазушы шығармаларының кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайтын, ішкі әлемі ерекше тұңғиық сырларға толы екендігін көрсете білді. Мәселен, «Қар қызындағы» тракторшының бейнесін ашуда реалистік жағдайлар анық берілген. Жазушы мұнда тракторшы жігіттердің еңбек жолын сипаттай отырып, шығарманың идеялық-философиялық терең ойына назар аудартады, яғни бір жұмбақ бейнені талмай іздеуі ерекше суреттелген. Бұл повестегі жас жігіттердің савхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы реалистік тұрғыдан суреттеліп берілсе де, Нұржанның сол сапарға шыққандағы негізгі мақсаты – шөп жеткізу емес, «Қар қызын» көру екендігін байқатады. Ал шығармадағы романтикалық сипат шығармадағы Нұржанның «Қар қызымен» кездесетін тұстарында анық көрінеді», - деді филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов.
Жиынға әр өңірден жиналған достары естеліктермен бөлісті. Атап айтсақ, филология ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт «Әдебиеттанушы ғалым Ө.Көзбековтің ғылыми әдістемелік мұрасын жинау, зерттеу және жарыққа шығару мәселелері», ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры Шерубай Құрманбайұлы «Ә.Бөкейхан аудармаларындағы этномәдени лексика» тақырыбында, Сәтбаевтанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті тарихи мұражайының бас маманы Аспандияр Әденұлы «Ауқымды жырдағы астарлы сыр», филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры Асқар Тұрғанбаев «Эбру» ма? «ему» ме?» тақырыбында, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов «Әліпби ауыстырудың қажеттілігі және тілдік реформа» бағыттары бойынша баяндамалар жасады.
Шараға мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының профессоры Бағдат Кәрбозұлы, университеттегі ғылым департаментінің міндетін атқарушы Нұржан Еділбаев қатысты. Жиынға отандық ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар, ғалымның отбасы, достары және шәкірттері қатысты. Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы да баяндамалар оқылып, тікелей эфирде ел назарына ұсынылды.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...