- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Агробиологиялық орталық
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
«Биология, география және химия» білім беру бағдарламалары
2016-2020 жылдары кафедраға биология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Тұрдыбайқызы Байкенжеева меңгерушілік жасады, ал 2020-2021 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушілігін PhD философия докторы Г.Б. Тоқтағанова атқарып келеді.
Қазір білім беру бағдарламаларыдағы оқытушы-профессорлар құрамында: 1 ғылым докторы (С.Ж. Ибадуллаева), 1 қауымдастырылған профессор (Р.Х.Құрманбаев), 3 доцент (А.С.Тапалова, Г.З.Сауытбаева, А.Т.Байкенжеева), 9 ғылым кандидаты (Р.Б.Жандаулетова, Г.М. Абызбекова, Ш.О. Еспенбетова, К.Ш. Арынова, Г.Т. Балықбаева, О.Т.Айдаров, С.О.Қосанов, А.Берденкулова, Г.А.Назарова,), 1 PhD философия докторы (Г.Б. Тоқтағанова), 5 магистр аға оқытушы (Г.Р.Оңғарбаева, Ж.Ізбасарова, С.Қ.Таженова, Н.Н.Ерболатов, К.Б. Ажмолдаева), 5 магистр оқытушы (Г.О.Байзулдаева, Ж.Ғ.Алиева, П.Ж.Нағашыбаева, Б.Исламбекұлы, А.Нұрғалиева) қызмет атқаруда.
Білім беру бағдарламаларының оқу үдерісіндегі ұйымдастыру жұмыстарына техникалық қызметкер М.Қ. Жүсіпова мен Т.Т. Аманжолова өз үлесін қосуда.
Білім беру бағдарламалары бакалавриаттың «6В01517 – Биология», «6В01518 – География», «6В01519 – География-Тарих», «6В01515 – Химия», «6В01516 – Химия - Биология» білім беру бағдарламалары бойынша педагогика ғылымдарының бакалаврларын; Магистратураның «7М01517 – Биология», «7М01515 – Химия» білім беру бағдарламалары бойынша педагогика ғылымдарының магистрлерін; Докторантураның «8D01517 – Биология», «8D01515 – Химия» педагогтерін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша философия докторларын даярлайды.
Білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 7-8 қарашада Ғалым-педагог, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Қуанышбаев Толыбек Досайұлын (1952-1998 жж.) еске алуға арналған «Жаратылыстану жəне жаратылыстану-ғылыми білім берудің өзекті мəселелері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен Қызылорда облысы бойынша инновациялық – мектеп-лицейлер арасында 8 – сынып оқушылары үшін Химия, Биология, География пәндерінен облыстық олимпиада «Облыстық Дарын» орталығымен бірлесіп өткізілді.
2020 жыл 20 сәуірде Облыстық мектеп бітіруші түлектер арасында биология, география, химиядан пәндік олимпиада, 28 мамырда Т.Д.Қуанышбаев атындағы ғылыми-білім беру орталығымен бірлесе ізденімпаз, талантты да, дарынды, зерделі мектеп 7-8-сынып оқушыларына «Ғажайып химия әлемі. Жас зерттеуші» жобалар байқауы өткізілді.
ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен біздің кафедрада 2019 жылы 6В011600-«Географиядан», 2020 жылдың 21-22 мамыр аралығында 6В011500-«Химиядан» ХІІ Республикалық пәндік олимпиада өтті.
2019 Оқу жылында сыртқы Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында кафедра профессоры, б.ғ.д. Ибадуллаева С.Ж. мен а-ш.ғ.к. Қосанов С.У. Түркияның Сакария университеті, Жаратылыстану және өнер факультетінің білім алушыларына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс беріп қайтты (30.09-15.11 2019ж).
2019-2020 оқу жылында оқу процесіне арналған жетекші өндірушілердің заманауи ғылыми және инновациялық оқу жабдықтарымен жабдықталған Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық бағытындағы зерттеулердің Ғылыми-білім беру орталығы (НОЦ) ашылды. Ол «PHYWE» неміс компаниясының химия және биология сабақтарында қолдануға арналған оқу-зертханалық жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар, жаратылыстану ғылымында практикалық бағдарланған оқыту технологияларын енгізуге ғана емес, студенттерді тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға жағдай жасауға, студенттерге табиғи нысандарды тікелей оқып үйренуге, өз бетімен әрекет ету дағдылары мен біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жақын шетелдік әріптестермен: В.С. Соболев атындағы Геология және минералогия институты (Новосибирск, РФ), Польша Лимнология институты, Максим Танк атындағы Белорусия мемлекеттік педагогикалық университеті, А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, Орынбор мемлекеттік университетінің «Химия-биология» факультеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің «Биология, экология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасымен және Қазан Федералдық университетімен білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында «6В01517 – Биология», «6В01515 – Химия», «6В01516 – Химия - Биология», «6В01518 - География» БББ бакалаврлары мен магистранттарына теориялық курстар жүргізілді.
13.10.19 -09.11.2019 ж. аралығында «Биология, география және химия» білім беру бағдарламаларының кезектен тыс оқу-әдістемелік семинарында И.А.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы Н.Д.Андрееваның «Биологияны оқыту әдіснамасы, әдістемесі және технологиясы» тақырыбындағы 144 сағаттық дәрісі тыңдалып, тыңдаушыларға сертификат берілді.
Білім беру бағдарламалары магистранттарымен докторанттарға шетелдік жетекші ғалымдардың дәрістер оқуын ұйымдарстыру және кафедраның оқытушы-профессорлары шетелдік жетекші ғалымдармен әріптестік ғылыми жұмыстарының, мақалаларды жариялау құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 26 қазан - 6 қараша аралығында Ресей Федерациясы, Томск политехникалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Барановская Наталья Владимировна 72 сағат көлемінде дәріс оқыды.
2020-2022 оқу жылдарында білім беру бағдарламаларының оқу үдерісіне А.М. Бутлеров атындағы Химия институтының «Жоғары молекулалы және Элементоорганикалық қосылыстар» кафедрасының профессоры, х.ғ.д Галкина Ирина Васильевна (КФУ), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті С.М. Наренова сынды ғалымдар тартылды.
2022-2023 оқу жылында Қазақ ССР ҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор А. Саданов атындағы кабинет қайта жасақталып, жаңа оқу құралдарымен жабдықталды.
Университеттің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, белгілі әдіскер ғалым, екі мәрте «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» (2008, 2015), «Алтынсарин», «ҚР білім саласының құрметті қызметкері», «ҚР білім саласының үздігі», «Д.И.Менделеев» және «Қорқыт Ата алтын медалі» төсбелгілерінің иегері, «Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті» Күлбарам Сәдуақасқызының құрметіне химиялық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы ашылады деп күтілуде.
Ғылыми-әдістемелік орталықтың негізгі миссиясы – университетіміздегі «Химия» білім беру бағдарламасының «бакалавриат-магистратура-докторантура» деңгейлерінде химиялық білім беру жүйесіне заман талабына сай ғылыми-әдістемелік орта жасау болып табылады. Орталық екі кабинеттен тұрады: 305-аудитория – «Химияны электрондық оқыту кабинеті»; 306-аудитория - «Химия дидактикасы» кабинеті. Сонымен қатар, Тапалова Анипа Сейдалықызының қолдауымен 307 дәрісхана «Жалпы және бейорганикалық химия зертханасы» жабдықталуда.
Білім беру бағдарламалары ғалымдарымен ҚР БҒМ ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша 2018-2020 жылдары «Микробиология және вирусология» Ғылыми-зерттеу институтымен келісім-шарт бойынша кафедраның профессоры, б.ғ.д. Ибадуллаева С.Ж. жетекшілігімен «Разработка мультиферментных биосенсоров на основе полимерного материала. Изготовление экспериментального образца прибора-анализатора с полимерными ферментными сенсорами для определения двух метаболитов в биологических жидкостях» тақырыбында құны 30 млн теңге көлеміндегі ғылыми жоба орындалды.
2020 жылы кафедра доценті, п.ғ.к. Сауытбаева Г.З. жетекшілігімен «Повышение эффективности тепличного производства в условиях Приаралья на основе применения адаптированной инновационной технологии малообъемного выращивания томата» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жобасы орындалды.
Білім беру бағдарламалары ғалымдарының Патенттік-лицензиялық қызметі:
- Способ повышения каталитической активности инкапсулированных и иммобилизованных ферментов, полученных методом поочередной адсорбции полиэлектролитов на составные сферолиты с последующим растворением минеральной компоненты ядер - Ибадуллаева С Ж,Аппазов Н.О, Фомкина М.Г.,Ким Ю.А;
- Патент № 4173 на полезную модель , 14.03.2019 - Ибадуллаева С., Аппазов Н., Фомкина М., Ким Ю., Монтрель А., Жандавлетова Р., Жусупова Л., Арыстанова А.;
- Патент № 4134 на полезную модель , 05.04.2019 - Ибадуллаева С., Аппазов Н., Наренова С., Жандавлетова Р., Жусупова Л., Дәрмағамбет К, Ауезова Н.
- Способ рассоления засоленных земель – Токтаганова Г.Б., Карлыханов О.К., Хожанов Н.Н.
- Патент на полезную модель №3890. Нанокатализатор для гидрирования растительного масла. Промышл. собственность. Офиц. бюлл. –2019. -№16 - Аппазов Н.О., Жаппарбергенов Р.У., Аппазова З.Ж., Кыдырбай М.Б., Тапалова А.С., Садуакаскызы К., Жусупова Л.А., Курманбаев Р.Х..
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2020-2022 оқу жылдарында: А.Т. Байкенжеева, К.Ш. Арынова - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Г.Р. Унгарбаева - Павлодар педагогикалық университеті студенттеріне; 2021-2022 оқу жылында Р.Х.Құрманбаев, О.Т. Айдаров Көкшетау педагогикалық университетінің магистранттарына «Арал өңірі жануарлары мен өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі» тақырыбында дәріс оқыды.
Қазіргі уақытта білім алушылардың оқуы, ұтқырлығы және тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша оннан астам отандық университеттерімен келісім-шарт бар. Осының негізінде 2020 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 7М01517 – «Биология» БББ; 2021 жылы 7М01517 – «Биология» және 7М01515 – «Химия» БББ Павлодар педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде тағылымдамадан өтті.
2021 оқу жылында кафедра оқытушыларының авторлығымен 1 монография мен 2 оқу-әдістемелік құрал баспадан шықты:
1. Монография. «Мультиферментные биосенсоры на основе полимерного наноматериала». Ж. Ибадуллаева, А.С. Тапалова, Н.О. Аппазов, Н.И. Акылбеков, Р.У. Жаппарбергенов. –Қызылорда, 2021 жылы, көлемі 11 баспа табақ;
2. Оқу құралы. Биологиялық есептер жинағы. Назарова Г.А., Байкенжеева А.Т. -Қарағанды:«Medet Group» ЖШС. 2021. -140 бет;
3. Оқу құралы. Бөлме өсімдіктерін көбейту және күту. Анықтамалық құрал. Назарова Г.А. -Қарағанды:«Medet Group» ЖШС. 2021. -68 бет.
«Биология, география және химия» кафедрасында студенттік «Жас ғалым» Ғылыми ұйымы: «Химклуб» (жетекшісі – Абызбекова Г.М.), «Биоклуб» (жетекшісі Избасарова Ж.Ж), «Геоклуб» (жетекшісі О.Т. Айдаров) үйірмелері арқылы жұмыс жасайды.
Білім беру бағдарламаларыда 2020-2021 оқу жылында жүзеге асырылған стартаптар: Дүниежүзі Даму банкінің бизнес жобаны қаржыландыруымен Б-17-1у оқу тобының студенті Жылқаев Асқар мен Х-17-3 оқу тобының студенттері Б.Бекмұрзаева, Қ. Джаксыбаева «Арна» копи центрін ашты.
Г.Ж. Ержан Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен «Zhas Project» жастар корпусын дамыту, Әлеуметтік жобасымен «Alem Cinema» мобильді кинотеатры жүзеге асырылып жатыр.
БББ бойынша білім алушылар жыл сайын республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады және жүлделі орындарды иеленуде. 2018-2022 оқу жылдардағы нәтижелер келесідей болды: 5В011600 – «География» мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында ХІ Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі І-ші орын үшін диплом (Қарағанды, Е.Букетов ат. университет, сәуір, 2018ж ) Г-16-1 тобының студенті Т. Әлібеков; 5В011600 – «География» мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында ХІІ Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі ІІ-ші орын үшін диплом (Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. С. Аманжолов, мамыр, 2020 ж.,) Г-16-1 тобының студенті Т. Әлібеков; 2022жылы География пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиядада жеке бойынша (Г-20-1 оқу тобының студенті Анарбай Талант, Көкшетау қ.) 3-ші орынға ие болды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Әл Фарабидың 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай «Тарих төріне тақ орнатқан тұлғалар» атты республикалық зияткерлік сайыста (28.04.2020ж) Б-17-3 оқу тобының студенті П. Б. Кәдірбай 3-орын иеленді. «Жас ғалым» атты ХІІІ республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайыста А. Сайынбай 2-орын иеленді (Нұрсұлтан қ. 28.04.2020ж).
ӘБУ НАСЫР әл-ФАРАБИДЫҢ 1150 жылдығына арналған «Ғылыми шығармашылық: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты ХХІІ республикалық студенттік ғылыми конференциясында Шахмардан Гүлнұр, Төлеген Піржан (Х-19-1) І-орын.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІНІҢ БІРІ АНЫҚТАЛДЫ. «Bilim-orkenieti» Ұлттық Инновациялық Ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау мақсатында қолға алынған «Үздік студент» жобасы аясында байқауға қатысқан студенттердің бірі, Х-17-3 оқу тобының студенті Джаксыбаева Қызжібек Серікқызы «Қазақстанның үздік студенті-2020» атанды!
Аталған байқауда, ол «Қазақстанның үздік студенті-2020» төсбелігісі және I-дәрежелі дипломмен марапатталып, сонымен қатар «Қазақстанның үздік студенті-2020» Халықаралық кітап жинағына енді.
Г-18-1 оқу тобының студенті Кенжәлі О.М. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Ең үздік жас ғалым-2020» атанып, осы аттас Халықаралық Кітап басылымына енді және арнайы төсбелгімен марапатталды (Нур – Султан, Казахстан. 28.09.2020г).
Сол сияқты: Сайынбай А ХБ-18-1 "Жас ғалым" атты ХІІІ республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысына қатысып (Нұрсұлтан қ-сы.) 2-орын иеленді.
2021-2023 оқу жылдарында дуалды оқытудың оқу үдерісіне енгізілуіне байланысты 2020 жылдың сәуір-мамыр айында студенттер мен магистранттардың, сондай-ақ оқытушылардың ауызша сауалнамаларының көмегімен «6В01517 – Биология», «6В01518 – География», «6В01515 – Химия», «6В01516 – Химия - Биология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға Б.К.Момынбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқу ісі жұмыстар жөніндегі директор орынбасары, педагог-зерттеуші - Г.А. Оргараева мен №5 И.В. Панфилов атындағы мектеп-лицейі директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші – К.У.Садыкова сабақ беруде.
2022 жылы білім беру бағдарламаларының биология (бакалавр, магистратура, докторантура), химия (бакалавр, магистратура, докторантура), химия-биология, география бакалавр білім беру бағдарламалары мамандандырылған халықаралық акредиттеуден бес жыл мерзімге өтті.
Білім беру бағдарламаларының филиалдары: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Жаңақорған ауданындағы №110 мектеп-лицейі, "Ә, Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейі, Қызылорда қаласындағы №176 орта мектептерде жұмыс жасайды.
Профессор-оқытушылар құрамы

Косанов Самалбек Уразбаевич
- Лауазымы: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
- Ақпарат

Абызбекова Гульмира Минбаевна
- Лауазымы: Аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі
- Ақпарат

Тапалова Анипа Сейдалықызы
- Лауазымы: Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
- Ақпарат

Курманбаев Рахат Хамитович
- Лауазымы: Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
- Ақпарат
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...