Қорқыт ата университеті студенттерінің фильмі халықаралық фестивальде үздік деп танылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 желтоқсан 2025
  • 108

Қорқыт ата университеті студенттерінің фильмі халықаралық фестивальде үздік деп танылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова халықаралық фестивальде жүлделі орын иеленген студенттерді қабылдап, шығармашылық жетістіктерімен құттықтады. Ректор жастардың ізденісі мен өнерге деген қызығушылығын жоғары бағалап, олардың университет абыройын арттырудағы еңбегін атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері 24–26 қараша күндері Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен «Миру – Мир» халықаралық кинофестиваліне қатысып, абыройлы нәтижемен оралды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл фестиваль жас буынның отансүйгіштік сезімін арттыруға, тарихи жад пен мәдени байланысты нығайтуға бағытталды.

Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Моңғолия елдерінен келген жас режиссерлер соғыс тақырыбы мен ұрпақ сабақтастығын арқау еткен қысқаметражды фильмдерін ұсынды. Шара аясында фильм көрсетілімдері, пікірталас алаңдары мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-12-02 at 21.05.55.jpeg

Қорқыт ата университетінің студенттері түсірген «Соғыстың соңғы куәгері» атты фильм фестиваль көрермендері мен қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, «Ең үздік сценарий» номинациясын иеленді.

Шығармашылық топтың жетекшісі – «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Аягөз Қожамырзақызы.

Бұл жетістік – Қорқыт ата университеті студенттерінің кәсіби ізденісі мен шығармашылық әлеуетінің айқын дәлелі.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...