University Students Exchange Experience at International Summer School in Azerbaijan
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 August 2025
  • 69

University Students Exchange Experience at International Summer School in Azerbaijan

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Әзірбайжан спорт академиясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық жазғы мектепке қатысып, білімін жетілдірді. Шара Әзірбайжан Республикасының Губа қаласында өтті.

Жазғы мектеп «Тұрақты даму жолындағы қадам» тақырыбында ұйымдастырылып, қатысушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға, тұрақты даму саласындағы білімін тереңдетуге бағытталды. Бағдарлама аясында семинарлар, тренингтер, пікірталастар және тәжірибелік жобалар өткізілді.

Халықаралық шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен 50-ге жуық студент қатысты. Қатысушылар тұрақты даму, экотуризм, табиғатты қорғау, қалдықтарды басқару және жасыл экономика тақырыптарында өз идеяларымен бөлісті.

Бұл жазғы мектеп студенттердің халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік берді.

94ee3b3f-17db-4631-8f69-8d29cafb5a17.jfif

3698c56c-4b81-4022-b229-467486d75239.jfif

ca8db1af-983a-4c5e-8dcb-c45efb5f10d0.jfif

Media Center of Korkyt ata Kyzylorda University
Contact phone: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Services available

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Massive Open Online Lesson)

Megaproject Electronic Library

e-univer.korkyt.edu.kz

Erasmus

erasmus

Science Library

more...