Republic Day is a national holiday
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 October 2023
  • 970

Republic Day is a national holiday

Жаңа Қазақстан

Қазақиям - кербез ел, керім дала,
Тулап тұрған қанымда тегім дара.
Бір ұғымға сыятын құдіреті,
Ғұмырымда жәннәтім - жерім ғана.

Келе жатқан жанданып көркің әйбат,
Қызғанамын көзімде өртім ойнап.
Бұлттар көшіп, ал құмдар ізін ашып,
Тарихымды келгендей толқын айдап.

Садаға деп жанымды ар үшін мен,
Батырлардай жар салам барыс үнмен.
Бұл далаға анамның көз жасы һәм
Бұл далаға бабамның қаны сіңген.

Мынау әлем өзіңмен тең бе тегі?!
Туған өлке жырымды селдетеді.
Егемендік есігін ашқан күннен,
Бейбітшілік бесігін тербетеді.

Пейілге шын қазағым сыңар тарап,
Сейілгесін тұмандай мұнар қабақ.
Тыныштықтың көгінде қалықтаған,
Қыран ұшып барады күн арқалап.

Таудан биік талабы іріміз деп,
Болашығын ойлар жас білім іздеп.
Жүректегі рухымыз өшпесе егер,
Жемісті әрі жеңісті күніміз көп.

Тәу етемін әр азат таңым үшін,
Басыма қонған менің бақ-ырысым.
Жаңара берші Жаңа Қазақстан,
Мәңгілік ел боп мәңгі қалу үшін.

(с) Бексұлтан Санақұл

Республика күні

Еркін елде жел сипаған самайын
Киім бүтін, қарыны тоқ - жоқ уайым
Қаза болған алаштықтар арманы,
Республика күні бүгін, ағайын!

Еркіндік пен елдігімнің дәлелі,
Республика күні бүгін қуаныш.
Елдік үшін қылған бабам әлегі,
Бұл тәуелсіз күндер оған жұбаныш.

Қарсыласып, қаншама бас, жан кетті
Өзен болып, қызылданды, қан кетті
Тауқыметпен, қиын жеткен бұл күнді
Әрбір ұрпақ құрметтеуге міндетті

Аружан Қожабекова

Тәуелсіздік!

Билегенде тарихымның тақтасын,
Сезгендеймін сана дамыл таппасын.
Бүгін міне бұзғалы тұр дегбір ой,
Жүректегі шабытымның қақпасын. 

Егемен ел!
Еркіндікке қолы жетті қазақтың
Арайланып аспанымда азат күн.
Ерің де әзір Отан үшін от кешер,
Жерің қазір жәннатыңдай ғажап тым 

Ұлы дала!
Көш кейіндеп қалмас сенен мәңгілік,
Төскейіңде сан салтанат сән құрып.
Бұл шақта мен құшағыма сыя алсаң
Құшақтар ем құшырымды қандырып. 

Байтақ өлке!
Байрағымды қия-шыңға қадаған,
Жайларыңды жыр етуге жарағам.
Айбарымда ата-баба мұра еткен,
Сан жолыңа осы өлеңім садағаң.

Жерім менің
Дүниеге даңқы да аян алдаспан,
Ұрпағыңа мұра болып жалғасқан.
Ата заңын алтын әріп таңбалап,
Жер ананың кіндігіне жармасқан. 

Гаухар Манасқызы

Біз тәуелсізбіз бұрыннан!

Шапқанда шашасына шаң жұқпайтын 
Анау мынау аңыңа алдыртпайтын
Бүгін ертең қауіпсізбіндей алам
Бауырларым тұрғанда қамшы ұстайтын

Қыран дейтін еркін болған біздің құс бар
Сол құсқа көп ұқсайды біздің тұстар
Мен қауіпсізбін деп тағы айтамын
Жігіттерің бар қазағым тізгінді ұстар

Күш алатын атасынан бір әруақтан
Тұран дала бойында ұландатқан
Мен сенемін елімнің ертеңіне
Балам тұрса қазақпын деп ұрандатқан

Біз қазақпыз жау болғанға оқталатын
Ата тұрып сөйлесе тоқталатын
Біз қазақпыз қарсы келген алдына
Жер бетінен жоқ болатын

Ей қазағым!
қалай ғана айналмасың ?
елім деген ұлыңнан
Дейді ме 500 жыл бұрын құрылған
Біз құрылғанбыз бұрыннан
Біз тәуелсізбіз бұрыннан!

Нұрлыбекұлы Ырысбек

 

1006.png

Services available

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Massive Open Online Lesson)

Megaproject Electronic Library

e-univer.korkyt.edu.kz

Erasmus

erasmus

Science Library

more...