Республикалық дебат турнирінде I орын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 қараша 2023
  • 869

Республикалық дебат турнирінде I орын иеленді

Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына орай республикалық ІТІІ CUP V турнирі өткізілді. Турнирге еліміз бойынша 40-тан астам команда қатысып, жоғары, орта, жастар лигасында бақ сынады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақиқат» пікірсайыс клубының мүшелері жоғары лигага қатысып, І орын иеленді.

– Турнирде түрлі тақырыптар бойынша өз пікірімізді білдірдік. Пікірсайыс ең алдымен жастардың білімді болуына әсер етіп, көшбасшылыққа баулиды. Университетте 2004 жылы ашылған «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубы – ұшқыр ойлы көшбасшылардың мектебі. Клуб мүшелері Қызылорда қаласындағы мектептермен тығыз байланыста. Бүгінде 30-дан астам мектепте филиалы бар. Қуанышқа қарай, мектептегі оқушыларымыз осы турнирде ІІІ орын иеленді, – деді «Ақиқат» пікірсайыс клубының жетекшісі, студент Айжан Орынбасар.

WhatsApp Image 2023-11-27 at 18.04.02.jpeg

WhatsApp Image 2023-11-27 at 18.03.55.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...