Шет тілін білу – заман талабы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 маусым 2022
  • 1899

Шет тілін білу – заман талабы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру» орталығының ұйымдастыруымен оқу орнының профессор – оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған 42 сағаттық «Ағылшын тілі, бастауыш деңгейі» (English language, Beginner level) курсын өтуде. Курсты TOEFL тестілеу орталығының оқытушысы Нұрайым Қыпшақбай жүргізеді. Сабақ барысында ағылшын тілінің әліпбиінен бастап, бастауыш деңгейдегі фонетика және грамматика материалдары қамтылған.
«Тыңдаушылардың тілді үйренуге қызығушылықтары жоғары. Келесі оқу жылында курсты әрі қарай жалғастырып, ағылшын тілінің тағы да үш деңгейін және TOEFL курсын өткізу жоспарлануда. Жыл соңында барлық курсты жақсы деңгейде тәмамдаған тыңдаушылар TOEFL тестін тапсырады. Бұл магистратура мен докторантураға түсуге, шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Курс соңында сертификат табысталады»,-деді Нұрайым Кенжебекқызы.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...