«Тәуелсіз елім - Қазақстан» эссе байқауы өтеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 қараша 2023
  • 1590

«Тәуелсіз елім - Қазақстан» эссе байқауы өтеді

2023 жылы 30 қараша мен 10 желтоқсанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «AMANAT» партиясы «Тұран» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты  (1-2 курс аралығындағы) эссе байқауы өткізіледі.

Эссенің шарттары

Эссе төмендегі мәселелерді негізге ала отырып, жазылуы тиіс:

  • жеке көзқарастың көрінісі;
  • теоретикалық негіздеме және фактілі дәлелдер (аргументтер);
  • сыни ойлау негізінде әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
  • логикалық заңдылықтың сақталынуы;
  • салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
  • сауаттылық (орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық);
  • авторларға сілтеме жасауы;

Эссенің жазылу жоспары төмендегідей:

Кіріспе (эссенің шамамен 20 % көлемі). Тақырыптың мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдары кіреді. Бұл кезеңде, ізденуші зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс қоюы өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Мысалы, мына сұрақтарға жауап іздеуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?» және т.б.

Негізгі бөлім (эссенің шамамен 70 % көлемі). Таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, тақырып бойынша өз ұстанымына басқа дәлелдер мен ұстанымдарды негіздеу қажет. Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан, маңыздысы тақырыпшалар негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибесін де пайдалануға болады.

Қорытынды (эссенің шамамен 10 % көлемі). Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстануы арқылы орындалуы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.

 

ІІІ. Эссе жазуға қойылатын талаптар:

Эссе 30 қараша мен 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Үміткерлер seidullaevanazerke@mail.ru почтасына материалдарын жібере алады. Телефон: 8 702 973 2401 – Сейдуллаева Назерке Маратқызы

Байқау жұмыстары А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Эссе 250 сөзден аспауы тиіс.

Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, автор туралы қысқаша ақпарат) қоса жолданады. 

Эссе 2023 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 12.00-ге дейін қабылданады.

 

Эссе қорытындысы бойынша марапаттау

Жүлделі орындар:   I Дәрежелі Диплом. Сыйлық

                                     II Дәрежелі Диплом. Сыйлық

                                    III Дәрежелі Диплом. Сыйлық

Уақыты:    14 желтоқсан 2023 ж. сағат 10.00

Өтетін орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Студенттер сарайы.                                           

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...