Университетте «Алқа билер кеңесі» орталығы ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 желтоқсан 2023
  • 1243

Университетте «Алқа билер кеңесі» орталығы ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, сот саласының ардагері, білікті заңгер Тілектес Өміржанов атындағы «Алқа билер кеңесі» орталығының салтанатты ашылуы өтті.

IMGL4892.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында алқа билер сотына баса мән беріп, бұл саланы одан әрі дамытып, алқабилердің қарауына берілетін істердің  санатын кеңейту қажеттігін, бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істер санатын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң Президент тапсырмасы негізінде дайындалып, алқабилер құзыретін кеңейтті.

Осы уақытқа дейін алқабилер соты қараған істердің он пайызына ақтау үкімі шығарылған. Ал 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қарайтын істер 35-ке дейін ұлғайса, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, аса ауыр ғана емес, құқық бұзушылықтардың басқа да құрамы бойынша 43-ке дейін ұлғаятын болады. Соның нәтижесінде алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстардың басым бөлігі таразыға салынады.

IMGL4990.jpg

Жиында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова аға оқытушының атқарған қызметі мен оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

IMGL5009.jpg

– Тілектес Өміржанұлы ұзақ жылдар бойы сот саласын дамытуға, қазіргі таңда университеттің материалдық-техникалық базасының нығаюына атсалысып, жас ұрпақтың кәсіби маман, тегеурінді тұлға болып қалыптасуына үлес қосып келеді. Кейінгі жылдары университетте дәрісханалар демеушілер есебінен көптеп ашылуда. Тұлғаларды ұрпаққа үлгі етіп, өнегелі істері мен мол мұраларын насихаттау мақсатында «Алқа билер кеңесі» орталығының ашылуы болашақ заңгерлердің білікті маман болып қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз, - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Салтанатты шарада Тілектес Өміржанов «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды. 

Жиынға университеттің философия ғылымдарының докторы, профессор, Баймырза Қожамберлиев, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Байжан Иманалиев, прокуратура саласының ардагері, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Шынтемір Дарбаев, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Света Жуынтаева, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Сот саласының ардагерлері Амангелді Әнуарбеков, Мырзамұрат Имандосов, Қайыркелді Темірбаев, Зейнолла Нұрсейітов қатысып, ғалымның еңбек жолына тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, Тілектес Өміржанұлы 1985-1998 жылдары Арал аудандық сотында «аға сот орындаушы», «заң кеңесшісі» қызметтерін атқарған.

1997-2002 жылдары ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Байқоңыр қалалық сотының судьясы, 2002-2010 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы болып қызмет еткен.

2010-2014 жылдары «БТА Банк» АҚ заңгері болып, 2014 жылдан бастап кәсіби адвокат жұмысын атқаруда.

2021-2022 оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы болып қызметке қабылданды.

IMGL5022.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...