Университетте жас ғалымдар конференциясы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 қаңтар 2024
  • 934

Университетте жас ғалымдар конференциясы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Өңірдегі жастар ғылымын дамыту» республикалық студенттік ғылыми- практикалық конференция өтті.

IMGL0217.jpg

IMGL0264.jpg

Шара барысында университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева баяндама жасайтын ғалымдарға сәттілік тілеп, білім алушыларға Жас ғалымдар кеңесі ұйымының жұмысы туралы айтты.

Аталған жиынға коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев, «Ыбырай» қоғамдық қорының стипендиаттары қатысты. 

IMGL0220.jpg

IMGL0311.jpg

Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, «Ыбырай» қоғамдық қорының стипендианттары Мусаб Құдайберген «Өнер – ұқсату: пластикалық анатомия» тақырыбында, Данияр Абдрахман «Математикалық ойлау үлгісі (моделі) және өркениет дамуы» тақырыбында, Бақтынұр Жұмабай «Овертон терезесінен көрінетін өркениет» тақырыбында, Шамиль Анарбай «Қорланған тіл» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу соңында ғалымдарға сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылып, алғыс хатпен марапатталды.

IMGL0291.jpg

IMGL0296.jpg

IMGL0307.jpg

Диляра Қалдыбек, журналистика мамандығының студенті

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...