Сайлау мәдениеті мен заңдылығын түсіндірді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 ақпан 2024
  • 1220

Сайлау мәдениеті мен заңдылығын түсіндірді

Сайлау  – халық таңдауы. Бұл орайда дұрыс шешім қабылдай білу әсіресе жастар үшін маңызды. Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесті. Басқосуға Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген мен Экономика және құқық институтының,  Құқықтану БББ қауымдастырылған профессоры м.а. А.Исаева қатысты.

IMGL0882.JPG

Еркін форматта өткен жиында сайлаудағы дауыс беру тәртібі, Мәжіліс және мәслихат депутаты, аудан және ауыл әкімі болу үшін қандай талаптар қойылатыны түсіндірілді. 

Сайлау заңнамасын білудің басты міндеті – қоғам санасында демократияландыру процесін енгізу, сайлау процесіндегі жетістер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықты қалыптастыру болып табылады, – деді Б.Накипов. 

Жиын соңында студенттер қонақтарға сауалдар қойып, заңнама аясында тиісті жауап берілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...