Әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 ақпан 2024
  • 1039

Әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимаратында Narxoz университетінің қауымдастырылған профессоры, халықаралық тренер Гүлзада Абенова "Әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары" тақырыбында  дәріс оқыды.

Дәріске әлеуметтік жұмыс БББ бойынша білім алушылар, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Азиз Аққалиев және аталған мекеменің әлеуметтік қызметкері Бақыт Тұрсынбек қатысты.

P2622534.JPG

Жиында лектор әлеуметтік жұмыс мамандығының халықаралық  деңгейдегі анықтамасы, кәсіби құзіреттіліктің түрлері, әлеуметтік жұмыскердің қазіргі портреті, еліміздегі әлеуметтік жұмыскерге деген қажеттілік, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жұмыскер кәсіби стандарты және оның жаңа бағыттары бойынша ақпараттар берді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыстағы стигма және дискриминациядан арылу бойынша ғылыми танымдық дәріс оқыды.

P2622499.JPG

P2622512.JPG

P2622519.JPG

Дәріс соңында әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасы бойынаша қаңтар айында Narxoz университетінен онлайн біліктілік арттыру курсынан өткен 11 оқытушыға  Гүлзада Абенова сертификат табыстады. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...