Korkyt ata endowment: университет дамуына өз үлесінді қос!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 ақпан 2024
  • 847

Korkyt ata endowment: университет дамуына өз үлесінді қос!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті еліміздің жетекші ғылыми және білім беру орталығы ретінде белгілі. Бүгінде оқу орны халықаралық деңгейдегі стандарттарға сай болуға ұмтылып келеді. Бұндай нәтижеге жету құралдарының бірі – университеттердегі эндаумент-қорлардың қызметі.

«Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры – университетімізде өз қызметін 2021 жылы бастаған мақсатты капитал қоры. Қор университеттің білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы стратегиялық мақсаттарына жетуге көмектесу үшін құрылған.

Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде аумақты абаттандыруға, кітапхана қорын жаңартуға, үй-жайларды қайта жаңарту мен жөндеуге, студенттерге арналған атаулы гранттар мен шәкіртақылар тағайындау арқылы жастар саясаты мен жастар бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған. Бұдан бөлек, қайырымдылық акцияларға қатысып, сол форматтағы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге материалдық қолдау көрсетуді қарастырады. 

Бүгінде демеушілерімізден түскен қор қаражатының арқасында қыруар жұмыстар атқарылып, екі жылда жөндеу, абаттандыру, ғалымдардың монографиясын шығару, жобаға лицензиялық бағдарлама алуға, іс-шараларды ұйымдастыруға және т.б. қаржы бөлінді. Университетімізге жылы сөзімен ғана емес, ісімен де үлес қосып жүрген барлық түлектеріміз бен меценаттарымызға алғысымызды білдіреміз.

Сіздің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды!

Қор туралы толық ақпарат алу үшін https://korkyt.edu.kz/ru/page/129

WhatsApp Image 2024-02-09 at 12.09.31.jpeg

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...