Құрметті профессор 70 жасқа толды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 ақпан 2024
  • 966

Құрметті профессор 70 жасқа толды

Бұрнағы күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мәжіліс залында Құрметті профессор, экономика ғылымының кандидаты Асылбек Наурызбаевтың 70 жылдық мерейтойы өтті. Аталған іс-шара қарсаңында Экономика және құқық институты мен «қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының ұжымы «Өңірлік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұймдастырылды. Конференция барысында Асылбек Жұмабайұлын мерейтойымен құттықтап, өңір экономикасын дамытудағы шешімін таппаған мәселелер тұрғысында университеттің белді ғалымдары сөз қозғады. Басқосуға аймақтың белді оқу орындарынан профессор ғалымдар мен оқытушылар, жас ғалымдар, магистранттар мен белсенді студенттер ат қатысты.

IMGL1185.jpg

IMGL1206.jpg

Конференцияға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, философия докторы (PhD) Мұрат Айтимов, Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев, директорлар кеңесінің хатшысы Гүлшат Берікбайқызы, институттың ардагер ғалымдары Ибадулла Таутенов, Өтеубай Қожақұлы, Бақыт Қалиев және «Білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу үдерісін жоспарлау» басқармасының басшысы Ақмарал Жетібайқызы сөз сөйлеп, ұстаздың жүріп өткен жолынан естеліктер айтты. Соынмен қатар, жас ғалымдар өңір экономикасындағы проблемаларға тоқталды.

IMGL1191.jpg

IMGL1274.jpg

IMGL1299.jpg

Диляра Қалдыбек, журналистика мамандығының студенті

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...