Жаңа заң бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 ақпан 2024
  • 1165

Жаңа заң бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бұрнағы күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жұмыс берушілер және мамандармен өзара іс-қимыл саясаты аясында, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы «Жалпыға бірдей декларациялау туралы.  2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

WhatsApp Image 2024-02-22 at 17.47.40.jpeg

 

WhatsApp Image 2024-02-22 at 17.47.40 (2).jpeg

 

Жиынға Қызылорда облысы бойынша МКД-нің басқарма басшысы Г.Исаева, Қызылорда облысы бойынша МКД-нің өндірістік емес төлемдер  баскармасының бас маманы Э.Купешбаева, Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы Е.Садыков қатысты. Дөңгелек үстел модераторы Қызылорда қаласы  бойынша Кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» ҚР ҰКП мүшелерімен жұмыс жөніндегі маман, ҚР Салық кеңесшісі Г.Танатова болды.

 

WhatsApp Image 2024-02-22 at 17.47.40 (1).jpeg

 

Салық саласының өкілдері білім алушыларға 2025 жылғы декларациялау тәртібі туралы түсініктеме берді, осы тақырып бойынша бейнеролик көрсетті. 2024 жылы декларациялау саласындағы негізгі өзгерістер туралы және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық заңнамасындағы басқа да өзгерістер туралы түсініктеме берді.

 

Жорабек Нұртілеу Күмісбекұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...