Күнімжан Құдайбергенова докторлық диссертациясын қорғады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 ақпан 2024
  • 635

Күнімжан Құдайбергенова докторлық диссертациясын қорғады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ-сының магистр – аға оқытушысы Күнімжан Құдайбергенова докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 

Ол Абай атындағы ҚҰПУ-де 8D017 - Тілдер және әдебиет бағыты бойынша философия докторы дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы әдеби бейне және бейнелілік мәселесін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбын көтерді.

Еске сала кетейік, Күнімжан Тыныштықбекқызының ғылыми  кеңесшілері:
Кәрібозұлы Бағдат – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ, Қазақстан);
Майгельдиева Шарбан Мусабековна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ, Қазақстан);  
Касапоглы Ченгел Хулия – PhD, профессор, Хажы Байрам Вели университеті (Анкара қ, Түркия). 

Сонымен қатар, Диссертация жұмысына пікір берген РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕРІ:
Пірәлі Гүлзия Жайлауқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

 

WhatsApp Image 2024-02-28 at 12.33.02.jpeg

Ерлан Дамира Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...