Университет ректоры Дильназ Ержігітті қабылдады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 ақпан 2024
  • 478

Университет ректоры Дильназ Ержігітті қабылдады

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова «Менің пірім - Сүйінбай» атты дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысында жүлделі ІІ орын алған университет студенті Дильназ Ержігітті қабылдады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен жас ақындар айтысында талантты студентіміз 40-қа жуық ақын қатысқан жыр додасында университет абыройын асқақты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін іс-шараға Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының жас жүйріктері мен Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан сынды шетелден келген студенттер қатысты.

– Біздің Дильназ алғаш рет университет атынан шығып, жүлдемен оралып отыр. Бұл біздің оқу ордамыз үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш деп білемін. Қазақтың ақын қыздарының жолын жалғап, жыр бәйгелерінде оза шаба бер. Біз әрқашан талантты да білімді студенттерді қолдауға және насихаттауға дайынбыз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы өз сөзінде.
 

239.jpg

240.jpg


Кездесу соңында жас ақын университет басшылығына алғысын білдіріп, естелік суретке түсті. Еске сала кетейік, Дильназ Ержігіт бүгінде «физика пәнінің мұғалімін даярлау»мамандығы бойынша 1 курста білім алуда.

Диляра Қалдыбек, журналистика мамандығының студенті

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...