Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті медиа орталығы жетекшісінің уақытша  бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 наурыз 2024
  • 1040

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті медиа орталығы жетекшісінің уақытша  бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Медиа орталығының жетекшісі білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңын; атқаратын жұмысының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерін; ақпараттарды тиімді басқару қағидаларын; университет қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты құжаттамаларды рәсімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (мәтіндік редакторлар, электронды кестелер), Интернет желісіндегі жұмыс қағидаларын, мультимедиялық жабдықтарды пайдалану тәсілдерін; қарым-қатынас психологиясы, социология және кәсіби қарым-қатынастар әдебі негіздерін; еңбек заңнамалығы негіздерін; ішкі тәртіп ережелерін; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.

Медиа орталығы жетекшісіне қойылатын біліктілік талаптары:  мамандар даярлаудың сәйкес бағыты бойынша жоғары (немесе жоо кейінгі) білімі,  тиісті лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.02.2024 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы 8(7242)27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...