Университетте халықаралық форум өтті 
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 наурыз 2024
  • 577

Университетте халықаралық форум өтті 

Халықаралық форум жұмысы Студенттер сарайындағы тақырыптық және сирек кездесетін корей халқы авторларының кітап көрмесімен жалғасты. Сонымен қатар, Ким Михаилдың арнайы фотокөрмесі таныстырылды. Форум жұмысын Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Бөрібаева Майнұр Әбілтайқызы ашты. «Интервью с прошлым. Первомартовское движение» тақырыбындағы деректі фильм көрсетілді. Режиссері – Владимир Хан. 

IMGL3677.jpg

IMGL3753.jpg

Алғыс айту күніне арналған құттықтау сөзді Шин Юрий Германович Қазақстан-Корейлер Қауымдастығының Төрағасы сөйледі. «ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қызылорда облысы кәрістері тарихынан» тақырыбында Айтжан Жұмабайұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты баяндама жасады.    

«Алғыс айту, бірлік, тарихи естелік және сабақтастық күні» тақырыбындағы баяндаманы Ким Герман Николаевич – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Азиялық зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы жасады. «Корея тәуелсіздігі үшін күрескерлерді еске алуға арналған қазіргі қазақстандық корей ұйымдарының қызметі» туралы  Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің PhD қауымдастырылған профессоры – Хан Нелли Чанировна баяндады.

IMGL3835.jpg

IMGL3815.jpg

IMGL4097.jpg

Сонымен қатар, «Ұрпақ туралы естеліктер» тақырынбында Ким Марина Гемовна - "Корея ағартушысы батыр Ге Бон У-дың ұрпақтары" қоғамдық бірлестігінің өкілі, Ге Бон У-дың шөбересі сөз алып, қорытынды жасады.

Мерекелік іс-шара Daralace шығармашылық үйінің негізін қалаушы, дизайнер Цой Светлананың "Дара" этникалық киім топтамасының таныстырылымы мен мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

IMGL4073.jpg

Диляра Қалдыбек, журналистика мамандығының студенті

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...