Қызылордада «Менің бауырым» жобасына 600-ге жуық еріктілер қатысуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 наурыз 2024
  • 379

Қызылордада «Менің бауырым» жобасына 600-ге жуық еріктілер қатысуда

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің еріктілеріміз мейірімділік пен адамгершілік, ынтымақтастық пен азаматтық жауапкершіліктің биік идеалдарын жүзеге асырады», - деп ерікті жастарға зор сенім білдірді. Президент бастамасынан соң «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» еріктілер жобасын Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі екіжақты келісіммен жүзеге асыруда. Жобаға Сыр өңірінде облыстық білім басқармасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қатысады. Бүгін Т.Есетов атындағы 246 мектеп-лицейі базасында еріктілермен алғашқы семинар өтті. Онда "Өркен" балалардың әл ауқатты арттыру  ұлттық ғылыми практикалық институтының вице-президенті Гүлнар Балғабаева жобаның маңыздылығына тоқталып, еріктілерді белсенді қатысуға шақырды.  Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ректоры-Басқарма төрағасы сөз алды.

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.19.31 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.19.38 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.19.40 PM.jpeg

 - “Менің бауырым” жобасы біздің ерікті жастарды жанашырлыққа шақыратын бірегей ұлттық жоба. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетіміз. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бұл жобаны қолдайды. Біздің 566 студентіміз жобаға белсенді қатысуға келіп отыр. Волонтерлік - осы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тікелей көрінісі.

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.19.55 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.20.16 PM.jpeg

Еріктілердің өз елінің нағыз патриоты мен азаматы ретінде балаларды жақсылыққа, әділдікке, жасампаздыққа жетелеп, шығармашылық шабыт береді деп сенемін”, - деді Бейбіткүл Каримова.

Жоба аясында балалардың құқықтарын қорғауға  университеттің ерікті жастары белсенді қатысады. Облыстық білім басқармасының қолдауымен Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасалмақ. Жоба аясында еріктілер Оқу-ағарту министрлігінен келген білікті тренерлерден білім алып, мәдени, спорт, білім беру, салауатты өмір салты, бұзақылықпен күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық білім беру, IT сауаттылығы т.б. салалары бойынша оқушылармен жұмыс істейді. Еріктілер қамқорлық пен мейірімге толы өз жобаларын ұсынып, әрі жүзеге асыратын болады.

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.20.19 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.20.21 PM.jpeg

WhatsApp Image 2024-03-27 at 5.20.21 PM (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...