«Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 сәуір 2024
  • 798

«Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер»

12 сәуір - Қазақстандағы ғылым күні

Бүгін «Анаға тағзым» орталығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтті.

IMGL3021.jpg

IMGL2912.jpg

Жиынға университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова, оқытушы профессорлар және Amanat партиясының басым бағыттарының жетекшілері қатысты.

Модераторы оқу орнының Басқарма мүшесі-Ғылым және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева болды. Табандылық пен іздемпаздықты талап ететін маңызды миссяны абыроймен орындап жүрген әйел ғалымдардың басқосуы мазмұнды өтті.

Университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен ғылымды дамытуымыз керек» деген болатын. Президенттің жан-жақты қолдауының арқасында ғылым саласында оң өзгерістер орын алып жатыр. Ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі соңғы екі жылда шамамен екі есеге артты. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл – отандық ғылымның дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. Егер бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстары үш жылда бір рет жүргізілсе, енді олар жыл сайын өткізілетін болады. Тек 2020 жылы 5 конкурс өткізілгенін атап өту қажет. Тағы бір маңызды жайт, 2020 жылы алғаш рет гранттардың жаңа түрлері бекітілді. Олар – коллаборация бойынша, қысқа мерзімді, жеке, жас ғалымдарға арналған және т.б гранттар» деп ғылым саласындағы жетістіктерді атап өтті.

IMGL2877.jpg

IMGL2979.jpg

Дөңгелек үстелде «Ғылымдағы әйел бейнесі: қазақстандық нұсқа» тақырыбында «Экономика және басқару» білім беру бағдарламаларының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Абдимомынова Алмакүл баяндама жасады. Ал «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жусупбекова Мадина «Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, құқықтық аспектілері» тақырыбында ойын ортаға салды. «Қазақтық философиялық дүниетанымындағы әйелдер болмысы» тақырыбында «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» секциясының аға оқытушысы, философия ғылымдарының магистрі Паридинова Ботагөз баяндама оқыды.

IMGL2898.jpg

WhatsApp Image 2024-04-11 at 09.19.44 (1).jpeg

Іс-шараға облыстық «Аманат» партиясы қолдау білдірді. Себебі университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова партияның Ғылымдағы әйелдерді қолдау бағытының жетекшісі. «AMANAT» партиясының атынан Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы бірнеше ғалымды ғылыми- зерттеу қызметін дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хатпен марапаттады. Қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаева алғаш рет өткен жиынның маңыздылығын атап өтіп, ғылым жолында жетістіктер тіледі. Өз кезегінде университет ректоры ғылымдағы әйелдер қауымына төрінен жай ұсынған «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова мен басқосуды ұйымдастырған “Экономика және құқық” институты, “Тұран” бастауыш партия ұйымына алғысын білдірді. Жиын соңында ғылымдағы әйелдер ұсыныс-пікірлерін айтты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...