Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы экологиялық акцияға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 сәуір 2024
  • 267

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы экологиялық акцияға қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы мен білім алушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында университеттің Ботаникалық бағында ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

IMGL2571.jpg

IMGL2514.jpg

Акция барысында университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова, 250-ге жуық оқытушы-профессорлар мен студенттер ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.

Аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек ғана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

Аталған оқу орнының студенттері апта сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді қатысып келеді.

IMGL2355.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...