Ғылым күніне салтанатты мәжіліс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 сәуір 2024
  • 121

Ғылым күніне салтанатты мәжіліс өтті

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Әлемді ғылым құтқарады-2024» атты салтанатты жиын өтті.

Жиынға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор - оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Алғаш болып, «Қазақ тілі мен əдебиеті жəне журналистика» білім беру бағдарламасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев «Ғылыми жоба жасаудағы тəжірибе» тақырыбында баяндама жасады.

437040942_965843501951849_4651568930526441876_n.jpg

436816687_965843528618513_4513583023916720195_n.jpg

436802993_965843548618511_6148645787959674531_n.jpg

«Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Лаура Тохетова «Ауыл шаруашылығы дақылдар селекция ғылымының дамуы–еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі» тақырыбын ортаға салды.

Сондай-ақ «Ғылымды дамыту - Жаңа Қазақстанның өркендеуінің басты бағыты» тақырыбында«500 ғалым» бағдарламасының жеңімпазы, «Су шаруашылығы жəне жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Элмира Елеуова және «Керамика Приаралья: прошлое и желаемое будущее» тақырыбында «500 ғалым» бағдарламасының жеңімпазы, «Археология жəне этнография» ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Гүлмира Амиргалина баяндама жасады. Мұнан бөлек, «Жас ғалымдарды мемлекеттік қолдаудың бүгіні мен болашағы» тақырыбында «Ректор гранты – 2021» конкурсының грант иегері, «Физика-химиялық талдау əдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Рахметулла Жаппарбергенов баяндады.

436805240_965843498618516_8495806547171230990_n.jpg

436878129_965843568618509_3987659991233210202_n.jpg

Университет ғалымдары жаңа мазмұндағы жобаларды әзірлеп, ғылымды дамытудағы жетістіктері арқылы Сыр өңірінің инновациялық дамуына лайықты үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта да ғалымдарымыздың үлесі еселене береді.

Конференция соңында бір топ ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер жемісті еңбегі үшін марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...