«Талапкер – 2022»: Университетте шығармашылық емтихан жүргізілуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 шілде 2022
  • 1886

«Талапкер – 2022»: Университетте шығармашылық емтихан жүргізілуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде талапкерлерден шығармашылық емтихан қабылдау жұмыстары жалғасуда.
6В02130 – «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша шілде айының 8-9 күндері шығармашылық емтихан өтіп, 17 талапкер бақ сынады.
10-11 шілде аралығында 6В02128 – «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасы бойынша – 20, 6В01407 – «Музыкалық білім білім беру» бағдарламасы бойынша 44 талапкер шығармашылық емтихан тапсырды.
Сондай-ақ, 9-11 шілде аралығында В004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша емтихан өтіп, 23 талапкер бірнеше спорт түрі бойынша норматив тапсырды.
9-12 шілде аралығында В007-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша 37 талапкер, В031- «Сән, дизайн» БББ бойынша 58 талапкер арнайы емтихан кезеңдерінен өтті.
Ал, бүгін В042 – «Журналистика және репортер ісі» БББ бағдарламасы бойынша 44 талапкер шығарма жазып, өз қарым-қабілеттерін байқатты. Ертең олар кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесуден өтеді.
Барша талапкерге сәттілік тілейміз!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...