Көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 сәуір 2024
  • 817

Көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар

«Әлемді ғылым құтқарады-2024» ғылым айлығы аясында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларымен  № 7 мектеп-лицейі бірлесіп  «Педагог жұмысындағы тиімділік техникасы. Жас маманға арналған лайфхак» тақырыбында көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

6d1a1cf0-0f69-4a9d-bd6f-24a4450e905f.jpg

fb832f8d-cf6c-45b7-bab5-29d6369cd5e8.jpg

a5aa8256-3f54-44c6-9e2b-93b12c3e3458.jpg

Семинарға «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламаларының оқытушылары және 3-4 курс студенттері қатысты. Орыс тілі мен әдебиетін оқыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шараны №7 мектеп-лицейінің директоры А.Садықбекова құттықтау сөз сөйлеп ашып берді. Семинар барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы С.Т.Жарбулова және №7 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тынымбекқызының баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ А.С.Пушкиннің «Капитан қызы»  шығармасы бойынша сахналық қойылым  (оқытушы-зерттеуші С.И. Қудиярова), «Моцарт және Сальери» пьесасы бойынша көлеңке театры (педагог-сарапшы А.М. Сүлейменова) қойылып, панорамалық сабақ (мұғалім-жүргізуші М.Қ. Емберген) көрсетілді.   «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру  бағдарламаларының жетекшісі, ф.ғ.д., доцент П.С.Есенова қорытынды сөз сөйлеп, семинарға қатысушы  №7 мектеп-лицейінің ұстаздарына «гуманитарлық педагогикалық институт директорының алғыс хатын табыс етті.

7a61f00c-4c99-4aed-88fd-f4384d8b00bb.jpg

cf047f8e-fb7c-4833-b226-2b290709374e.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...