Өнегелі өмір өрнектері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 сәуір 2024
  • 132

Өнегелі өмір өрнектері

23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күні 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында Мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың тәуелсіз елдің болашағын жарқын ету жолындағы тәуекелшіл істері мен ұлттық құндылықтарды ұлықтаған «Айналайын, азаттық!» атты кітабының таныстырылымы өтті. 

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.54.05.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.54.06.jpeg

Алғы сөз алған университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова автор туралы, оның өнегелі еңбек жолы жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Баяндамасында әлемдік шығармашылық үдерісте мемлекет басқарған кісілердің, саясаткерлердің, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің естелік жазуы бұрыннан бар үрдіс екенін, ғұмырнамалық кітапты жазуды осындай мақсат-міндеті тұрғысынан қарап, Қырымбек Елеуұлының Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі тарихы, жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері, алғашқы қиындықтар, өз басынан өткізген, сезінген, куә болған оқиғалар туралы жазуы заңды екенін айтты. Одан әрі төрт томнан тұратын кітаптың әр бөліміне жеке тоқталып, кітаптың тәрбиелік-рухани маңызынан сөз етті. 

Таныстырылымда проректор Жандос Базартай,  оқу орнының профессор, ғалымдары, Баймырза Қожамберлиев, Тастанбек Сәтбай, Алдажар Әбілов те кітап жайлы маңызды пікірлер білдірді. Қайраткер Қырымбек Елеуұлы бейне байланысқа шығып, туған жеріндегі оқырмандарына алғысын білдірді.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.54.06 (2).jpeg

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.54.07.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-24 at 17.54.17.jpeg

Жиынға қатысқан "Қызылорда облысының даму орталығының" басшысы Талғат Матаев Қ.Көшербаевтың тұлғалық бейнесі, атқарған игі істеріне тоқталды. Сонымен қатар, I курс студенттері Айым Оңғарбай, Мақпал Егембердиевалар жастар атынан сөз алып, кітап туралы ойларымен бөлісті. 

Шара соңында Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың «Айналайын, азаттық!» атты естелік-эссесі қазақ мемуаристика жанрына қосылған сүбелі үлес қана емес, ғибраттық, тағылымдық өнегесі мол шынайы шығарма деген баға берілді. Қатысушыларға кітаптар таратылып, естелік суретке түсті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...