Қорқыт ата университеті су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 сәуір 2024
  • 139

Қорқыт ата университеті су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 848 оқытушы-профессоры мен қызметкері және 135 студенті қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаражат Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорына және «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылды.

14b72307-8670-46d4-8c65-c1cdfb0c44d6.jpg

b53fa417-cefd-440a-ab49-82db1c4d832f.jpg

Мұнан бөлек, бас оқу ғимаратында қабылдау пунктін ашып, қиындыққа тап болған халыққа оқу орны атынан азық-түліктер, киім-кешектер және тұрмысқа қажетті заттар жиналды.

Облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы қабылдау пунктіне жеткізілген көмектің бірінші легі Ақтөбе облысына жолданды. Университет жалпы салмағы 1 тонна 161 келі заттай көмек көрсетті.

«Университетте қабылдау пунктін ашудағы басты мақсатымыз – қиындықта қалған отбасыларға демеу болу. Бұл игі шараны ұжымдастар мен студенттер белсенді түрде қолдады. Жиналған заттарды көлікке тиеп, облыстың негізгі қабылдау пунктіне жеткізіп жатырмыз. Отандастардың басына түскен ауыртпалыққа бей-жай қарамай, қиындықты бірге еңсереміз!» - деді әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай.

Университет ұжымымен табиғи апат салдарын жеңуге қолдау білдіру әлі де жалғасатын болады.

c32436a7-9ebe-4db1-a6d1-24622359fb75.jpg

1352457d-795d-4e3c-9387-dff5e0f128d4.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...