Профессор Қылышбай Бисеновтің есімі берілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 сәуір 2024
  • 211

Профессор Қылышбай Бисеновтің есімі берілді

Қаладағы С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінде математика кабинетіне техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновтың есімі берілді.

Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова, зиялы қауым, әріптестері мен достары қатысып, ардагер ұстаздың өнегелі еңбек жолын оқушыларға үлгі етті. 

265.jpeg

263.jpeg

264.jpeg

 

«Жаңа құрылған университеттің тұңғыш ректоры ретінде білім ордасын Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық, индустриалды-инновациялық, рухани-мәдени дамуында өзіндік орны бар көпсалалы  университетке айналдырды. Алғашқы «Қорқыт Ата университетінің Құрметті ректоры» атағының  Қылышбай Алдабергенұлына берілуі - осы ерен еңбегінің лайықты бағасы. Білімге құштарлық, ғылыммен айналысу – оның өмірлік ұстанымы болды десек, анығын айтқанымыз. Тынымсыз ізденіске толы қажырлы еңбегінің нәтижесінде ассистентен  профессорға, аспиранттан ғылым докторына дейінгі жолдан өтті. Ағамыз осы мектеп түлектерінің арасынан шыққан тұңғыш ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі» - деді әріптестік ізгі лебізін жеткізген Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Қылышбай Алдабергенұлы бүгінде  Қызылорда ашық университетін басқарып, еліміздің ғылымы мен жоғары білімін дамытудағы тағылымды жолын жалғастырып келеді. Мектеп оқушыларымен кездесуде олимпиада жүлдегерлеріне аталған оқу орынына білім грантына сертификат табыс етілді. 

266.jpeg

267.jpeg

Сөз соңында Қылышбай Алдабергенұлы әріптестері мен мектеп ұжымына шынайы ризашылығын білдірді.

Ұстаздардың ұстазына арналған кабинетте мектеп оқушылары оның  өмір және еңбек жолы, кәсіби шеберлігі, қайраткерлігі жайлы мол мағлұматпен танысады. Кабинеттен заманауи білім алып, Қылышбай Алдабергенұлының ғалымдық, ұстаздық, қайраткерлік өнегесінен тағылым алған талай шәкірт түлеп ұшпақ.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...