Профессор Өтеубай Қожақұлы 70 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 мамыр 2024
  • 132

Профессор Өтеубай Қожақұлы 70 жаста

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында тарих ғылымдарының докторы, профессор Өтеубай Қожақұлының 70 жасқа толуына орай “Гуманитарлық-педагогикалық” институт Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. 

284.JPG

282.JPG

288.JPG

Мәжілісті институт директоры т.ғ.к., доцент Тайман  Сағат Тамшыбайұлы жүргізді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректор, ф.ғ.к. Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы құттықтау сөз сөйлеп, профессор ұстаздың оқу орнында атқарған жемісті жұмыстары мен ғылыми - педагогикалық қызметіндегі елеулі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Педагогикалық қызметін үзбей ғылыммен ұштастырып отырғанын баса айта келіп, сөз соңын: «Бүгінде Өтеубай Қожақұлы XXI ғасыр ұрпағына жаңаша білім мен тәрбие беруде өз үлесін қосып келе жатқан үлгілі ұстаз, көрнекті ғалым» - деп түйіндеді.  Қоғам және мемлекет қайраткері, профессор  Мұрат Бақтиярұлы, “Тарих және археология білім беру” бағдарламаларының профессоры, т.ғ.д. Тастанбек  Яхьяұлы,  облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов және мерейтой иесінің туған жері Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов құттықтау сөз сөйледі.

286.JPG

283.JPG

287.JPG

Қадірлі ұстазды мерейтойымен құттықтап, өңіріміздегі жоғары оқу орындарының өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, архив және мектеп директорлары келді. “Гуманитарлық-педагогикалық” білім беру бағдарламасының жетекшілері және шәкірттері де ізгі тілектерін жеткізді. Салтанатты мәжіліс соңында профессор-ғалымға шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...