Қызылорда университетінің студенті екі дүркін Азия чемпионы атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 мамыр 2024
  • 261

Қызылорда университетінің студенті екі дүркін Азия чемпионы атанды

Астана қаласында боксшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 54 келі салмақтағы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»  білім беру бағдарламасының студенті, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Нұрсұлтан финалда моңғолдық Оюн-Эрденмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын ұтты. Бұл жеңіс ел тарихына енді. Ол 23 жасқа дейінгі қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш екі дүркін жеңімпаз болды.

Азия жеңімпазын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР бокс федерациясының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен жеке бапкері Жәміл Жүсіп дайындады.

WhatsApp Image 2024-05-10 at 17.32.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-10 at 17.32.23.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...