Жасанды интеллектті басқаруға арналған дөңгелек үстел өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 мамыр 2024
  • 526

Жасанды интеллектті басқаруға арналған дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының ұйымдастыруымен "Жасанды интеллектті басқару: Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі Қазақстанның үлесі" атты дөңгелек үстел өтті. Оған жасанды интеллект саласындағы әлемдік мамандар, мүдделі технологиялық компаниялар және Қазақстанның жетекші университеттерінің ректорлары мен проректорлары және қызметкерлері онлайн қатысты. 

WhatsApp Image 2024-05-21 at 16.23.49.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-21 at 16.23.50.jpeg

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Махмұт Томанов және БҰҰ Ақпараттық орталығының өкілі Властимил Самек ашты. Кіріспе сөзден кейін негізгі баяндамалар тыңдалды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жасанды интеллектті халықаралық деңгейде реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылау, және жаңа халықаралық жасанды интеллект реттеу институттарын құру мәселелерін көтеру болды. Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор, ф.ғ.к. Бейбіткүл Каримова баяндама жасады. Онда ол "Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Информатика және Жасанды интеллект жоғары мектебін құру” тақырыбында жоспарларымен бөлісті. Талқылауда университет ректорының Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева өз пікірін білдірді.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басшылығы БҰҰ-на университет туралы мағұлмат беріп, нәтижесінде білім ордасы Microsoft, IBM, HoneyWell, Micromine, One Web, UI, It box.kz компанияларымен ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Бұл іс-шара жасанды интеллектті тұрақты даму мақсаттарына жету жолында маңызды қадам болып табылады. Дөңгелек үстел қатысушылары халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, жасанды интеллектті реттеу және дамыту бағытында бірқатар ұсыныстар енгізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...