TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 мамыр 2024
  • 300

TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті. Форумды "TechnoWomen" коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және ҚР Ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірігіп ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.27 (2).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.28 (9).jpeg

Іс-шара әйелдерді технологиялық индустрияларға тартуға, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация және электрондық коммерция, сондай-ақ, стартап-қозғалыс мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін ұйымдастыру мақсатын  көздейді.

Форумның кіріспе сөзін сөйлеген «TechnoWomen» ұйымының Басқарма төрағасы, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы - Азиза Шужеева: «Бүгін біз жаңа мүмкіндіктер, жаңа иновациялар мен технологиялар туралы айтатын боламыз. Форумға қатысушы әйелдер қауымына қорықпай іс бастауға, жаңа  идеяларды ортаға қою жолында белсенді болуға шақырамыз» - деді. Одан әрі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Абдрашева Дана Мейрамқызы форумға қатысушылар мен спикерлерге келгендері үшін рақмет айтып, оқу орнының  IT саласындағы базалық мүмкіндіктерін ауқымды баяндап берді.  

Спикерлер қатарынан орын алған  Сеул Ұлттық Ғылым және технология университетінің профессоры, LUPIC жобасының директоры Джесу Ким жастарға арналған жасанды интеллект туралы ақпарат беріп өтсе, «MacDent» ЖШС IT-компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Мақпал Оразқызы табысты стартаптың құру жолдарын түсіндірді.

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.28 (8).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.28 (6).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.28 (10).jpeg

WhatsApp Image 2024-05-22 at 20.07.28 (2).jpeg

Өз кезегінде сөз алған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының басшысы Гүлзира Бекқалиеваның баяндамасы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды.  

Сондай-ақ, «TechnoWomen»  ұйымының Басқарма мүшелері Бикеш Құрманғалиева жасанды интеллект саласының болашақ мамандықтарына шолу жүргізсе, Алуа Көрпебаева бизнес бастауға қажетті қадамдарды мысалдармен түсіндірді. Аталмыш ұйымның мүшесі, «FORTENUR CONSULTING» негізін қалаушы-Нұргүл Бексұлтанова қаржылық сауаттылық жайлы кеңес берді.  

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмұрзаев пен Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының басшысы ЖанарысТубекбаев та спикерлер қатарынан табылып, қызықты да пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Форумда танымдық ақпарат, қажетті кеңестермен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлық таратылды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...