Жаратылыстану институтының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 шілде 2022
  • 1567

Жаратылыстану институтының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті

Биыл институтты 298 түлек бітірсе, оның 98-і магистрант.
Салтанатты шараға Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Оқу орнында үздік оқумен қатар, білім ордасының қоғамдық өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға лайықты үлес қосқан 10 түлек университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, диплом табыстау рәсіміне облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова, Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Ғалия Дәулетова, «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, «Қазақстан барысы-2022» республикалық турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов, Жаратылыстану институтының директоры Самалбек Қосанов, "Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық"кафедрасының меңгерушісі Талант Бимаханов қатысып, ыстық лебіздерін жеткізді.
Айта кетейік, оқу ордасының басшысы "Қазақстан Барысы - 2022" турнирінде топ жарған түлегіміз, университет мақтанышы Мақсат Исағабыловқа «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» марапатын табыстады.
Бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз!
96.jpg
97.jpg
 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...