Қорқыт жастары республикалық форумға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 маусым 2024
  • 151

Қорқыт жастары республикалық форумға қатысты

Кеше республикалық деңгейде ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Қаржы пирамидаларын қалай анықтаймыз? Әлеуметтік желілерде заңды бұзбау жолдары. Дроппер деген кім?» деген тақырыпта форум өтті.  

Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Н.Саясат, Қаржы министрі М.Такиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж. Мәдиев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М.Әбілқасымова, облыстық әкімдіктердің, Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың басшылығы және танымал медиа тұлғалар мен блогерлер  қатысты. 

Сондай-ақ, шараға еліміздегі ең үздік 35 университеті, 20 мыңнан астам студент және 10 миллионнан астам аудиториясы бар блогерлер онлайн режимде қатысты.
Форумның басты мақсаты – қоғамның дертіне айналған күмәнді қаржылық ұйымдарына қаржы құю, интернет алаяқтарының қалай құрығына түспеудің алдын алу, тәжірибе алмасу, сіздер арқылы қаржы пирамидасының зиянын көпшілікке жеткізу.

426112894_1002064814996384_6986065171695831103_n.jpg

447706118_1002064811663051_5250651357389897988_n.jpg

Қатысушылар қаржы пирамидаларын қалай анықтауға болатынын, әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтарға жол бермеуді және дроптардың кім екені турасында талқылады.
Панельдік сессиялар барысында белгілі блогерлер, қаржы аналитиктері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері интернет-гигиена, алаяқтық жобаларды жарнамалағаны үшін жауапкершілік, әлеуметтік желілерде құқыққа қарсы контентті тарату, жастарды құқыққа қарсы қызметке тарту туралы пікір таласты.

Агенттік Төрағасы Дмитрий Малахов өзінің құттықтау сөзінде «АФМ online»-ның негізгі міндеті – жас ұрпаққа қаржылық сауаттылық негіздерін түсіндіру екенін атап өтті.
«2021 жылдан бастап біз қаржы пирамидаларының өмірлік циклін және олардың салымшыларының санын қысқартуға бағытталған арнайы жоба жүргізіп келеміз. Яғни, біз олардың жұмысын бастапқы кезеңінде, халық арасына тарамай тұрып, тоқтату үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Д.Малахов.
Бүгінгі таңда Агенттік интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталған.

Бұдан басқа, атаулы жұмысты жүргізу үшін әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық схемаларға тартылған салымшыларды ерте анықтау жүйесі жолға қойылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда 126 мың жазылушы алаяқтық схемаларды жарнамалайтын аккаунттардан бас тартты.
Іс-шара барысында ЖОО студенттері үшін әртүрлі алаяқтық схемалардың алдын алуға бағытталған үздік бейнероликке конкурс жарияланды.
Бүгінде елімізде “мол табысқа кенелемін” деп бар жиған-тергенін күмәнді қаржылық ұйымдарға салып, әп-сәтте айырылып жатқан қазақстандықтар аз емес. 

Осы ретте алаяқтық фактілерінің көбейгенін ескерткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдарға қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлеуді міндеттеген еді. Өйткені оңай олжаға құныққан алаяқтар халықты алдап-арбаудың айла-амалын ойластырып, одан әрі дами түсуде. Осыған сәйкес өткелі отырған форум алдын алуға арналған үлкен бастама.

Айта кетейін, форумға Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру  департаменттің шақыртуымен арнайы қонақтар,
әнші Бағлан  Әбдірайымов, Қорқыт ата атындағы университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова, аймақтың БАҚ өкілдері мен блогерлері қатысты.
Жиында университет проректор Жандос Базартай, Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілес, ақын, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы қаржылық пирамиданың қасіретін, өмірде болған, басынан өткен оқиғалармен бөлісіп, жастарды сақ болуға шақырды. Жиын соңында шараның өтуіне атсалысқан бірқатар азаматтар, блогерлер департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...