Президент шәкіртақысын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 маусым 2024
  • 221

Президент шәкіртақысын иеленді

Жыл сайын білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру мақсатында берілетін Президенттік шәкіртақы иегерлері анықталды. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Су шаруашылығы және жерге орналастыру" білім беру бағдарламаларының 6В07368-Кадастр мамандығының 4 -курс студенті Русланова Аружан ҚР Президентінің Стипендия иегері атанды.
Студенттердің республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескерілетін бұл стипендияны алуға лайықты деп танылған Аружан университет қабырғасында ғылыми конференция, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, Алғыс хат, дипломдармен марапатталып жүр.
Атап айтар болсақ, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында насихаттау мақсатында «Жылдың үздік ғылыми жобасы-2020» республикалық байқауына қатысып, 1 дәрежелі дипломмен және «Ғылыми жобаның үздік авторы» төсбелгісімен марапатталды. 2021-2022 жылғы «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері.
«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, «IV халықаралық кітап басылымы» жарияланымға ғылыми жобасы қабылданып, «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2022» 1 дәрежелі дипломымен және төсбелгімен марапатталды.
2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өткен ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің XV Республикалық пәндік олимпиадасында Кадастр мамандығы бойынша 3 дәрежелі дипломымен және белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысының І кезеңінде І-ші орынға және ІІ кезеңінде ІІІ орынға ие болды.
Институттың белсенді студенті ретінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, ұйымдастырушылық қабілеттерімен де танылған Аружан оқу жылында үш мәрте шәкіртақыға ие болды. Жетістігіңіз құтты болсын, Аружан!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...