Қоғам қайраткері мерейлі 80 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 маусым 2024
  • 138

Қоғам қайраткері мерейлі 80 жаста

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада белгілі қоғам қайраткері, өлкетанушы, қаламгер Сағат Жүсіптің 80 жасқа толуына арналған «С.Жүсіп зерттеулеріндегі нәубет-зобалаң мәселесі (1920-1930 жж)» тақырыбында ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Басқосудың мақсаты - Сағат Жүсіптің зерттеулері арқылы қазақ тарихының ауыр кезеңдерін жаңа қырынан танып білу және осы мәселелерді қоғамға жеткізу болып табылады. Сағат Есмаханұлы Қызылорда облысының Бірқазан ауылында дүниеге келген. Жиырмадан астам тарихи-танымдық кітаптардың авторы. Ол ұзақ жылдан бері қазақ тарихындағы отаршылдық кезең, кеңестік нәубет-зобалаң, ашаршылық хақында қалам тербеп, жүйелі зерттеулер жасап жүрген республикамызға танымал тұлға.
 
144.jpg
 
145.jpg
 
Аталған жиынды Қызылорда облысы коғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Уәлихан Ибраев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол С.Жүсіптің қазақ тарихына қатысты зерттеулердің маңыздылығын, еңбектерінің қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.
Конференция барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары: Қали Омаров «Нәубет-зобалаң тарихынан кейбір деректер», Айтжан Оразбақов «1930 жылдардың басындағы Арал концлагері: жаңа деректер мен дәйектер», Бақытжан Ахметбек «1930 жылғы Сыр бойындағы көтерілістер:себептері мен салдары» тақырыптарында баяндамалар жасады. С.Жүсіп нәубет-зобалаң, әсіресе елді ойсыратқан ашаршылықты зерттеудің өткені, бүгіні мен болашағы жөніндегі өз ой-пайымдарын ортаға салды.
 
146.jpg
 
147.jpg
 
Конференция жұмысына ғалымдар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қатысушылар кітапхананың тақырыптық кітап көрмесін тамашалады. Мерейтой иесіне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Алтын медалі, Қазақстан Халық партиясының Алғыс хаты табысталып, иығына шапан жабылды.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...