Қызылордалық оқытушылар Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін меңгерді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 шілде 2024
  • 168

Қызылордалық оқытушылар Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін меңгерді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында оқытушыларға арналған жазғы мектеп өтті. Біліктілік арттыру курсын білім ордасының Біліктілік арттыру орталығы ұйымдастырды.
 
Басқарма мүшесі, ІТ және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Махмуд Томанов, Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев және IT мамандар жазғы мектепті жүргізді.
 
327.jpg
 
Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың алғашқы күнін Microsoft АҚ-ның ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабеков арнайы шақырылып, «Қорқыт Ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өткізді.
 
Курс мақсаты – жасанды интеллект негізгі ұғымдарымен және әдістерімен таныстыру, білім беруде AI қолданудың этикалық аспектілерін зерттеу, оқу үдерісін жақсарту үшін AI агенттері мен деректерді талдау құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.
 
Білім ордасының 200-ге жуық профессор-оқытушылары 72 сағат бойы теориялық және практикалық білім алып, AI негізгі түсініктері мен әдістері, машиналық оқыту, тереңдетіп оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және генеративті AI-ды білім беру үдерісінде қолдану әдістерін меңгерді.
 
326.jpg
 
328.jpg
 
Өзіндік жұмыс сағатында хаттарды құрастыру, халықаралық серіктестерді іздеу, хаттар мен өтінімдерді дайындауды автоматтандыру, мақсатты бағдарламалық қаржыландыру әзірлеу және AI-агентті пайдалану жобасын әзірлеу дағдыларын үйренді. Курс ұйымдастырушылары ЖИ навигатор 1.0 әдістемелік құралын осы жазғы мектеп барысында қатысушыларға пайдалану үшін табыс етті.
 
Курс соңында Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева барлық қатысушыларға сертификат табыстады. Жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...