Түлектерге диплом табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 шілде 2024
  • 238

Түлектерге диплом табысталды

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында бітіруші студенттер мен магистранттарға диплом тапсыру рәсімі өтті. «Экономика және құқық» интитутының 221 бітіруші түлектеріне диплом табысталды. Университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы түлектерге ақ тілегін арнап, ақ жол тіледі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша барлығы 2670 түлек бітіруде. Оның 2292 бакалавриат, 378 магистратура. Ал 256 студент үздік диплом иегерлері атанды.

450692261_1025101339359398_7237903109792344338_n.jpg

450397125_1025101289359403_5161317170756325736_n.jpg

450485240_1025101216026077_7856766716518040134_n.jpg

Салтанатты шараға қатысқан Әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишева, «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның Қызылорда филиалының директоры Цой Роман, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов және облыстық Еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша мониторинг бөлімінің басшысы Абылай Самыратов, жас мамандарға диплом табыстап, сәттілік тіледі.

Ата-аналар атынан «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының үздік түлегі Орынбасар Айжан Бекзатқызының анасы Анар Молдабекқызы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының үздік түлегі Қалыбекова Айжан Бақытжанқызының анасы Алмагул Женісқызы сөз алып, ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

450410460_1025101222692743_5067290211704094074_n.jpg

450509733_1025101312692734_6490649690204870746_n.jpg

450770767_1025101359359396_7806222695459792487_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...