- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг бөлімі және мансап орталығы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жаңа академиктерді таныстырды
Бүгін Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға 42 ЖОО мен 40-қа жуық ғылыми зерттеу институттарының бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлыұлы Күрішбаев құттықтау сөзінде Қазақстан ғылымы саласындағы жүйелі реформалардың маңыздылығын және ғалымдардың салмақты дауысқа ие болатын жаңа басқару механизмін құру қажеттілігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын құру және оған мемлекеттік мәртебе беру осы жаңа жүйенің негізгі элементі екендігіне баса назар аударды.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз бейнеүндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымдағы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру арқылы оның рөлін арттыру туралы тапсырмасын еске салды. Ол бұл тапсырманы іске асыру кезеңдерін, соның ішінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құруды және Академияға Президент жанындағы ерекше мәртебе беруді атап өтті. Министр сондай-ақ жақында ғана қол қойылған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңның ғылым саласындағы соңғы уақыттағы басты жаңалық екенін атап өтті.
Арнайы құттықтау сөзін жіберген Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының елдегі ғылым мен білімнің негізгі орталығы екендігін еске салып, Академияның мақсаттары қаланың дамуының негізгі бағдарламаларымен тығыз байланысты екенін баса айтты. Ол жаңа академиктерді лайықты атақтарымен құттықтап, отандық ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосқандығын атап өтті.
Жаңадан сайланған академиктерге дипломдар мен төсбелгілерді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ресми түрде табыс етті.
Жаңадан сайланған академиктердің тізімі және олардың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары осы пост-релизге қосымша ақпарат ретінде беріледі.
Бүгінгі іс-шара Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ ел дамуындағы ғылымның маңызды рөлін айқындап, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңартылған құрамын қалыптастыру үрдісінің бастауын белгіледі.
Осы іс-шара аясында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабагин Мақсат Қизатұлы кеңестің алты айлық жұмысы туралы есеп берді. Жиынға академиктер де қатысып, өзара сабақтастық қалыптасты. Жас ғалымдар отандық ғылымның дамуын талқылап, тың ұсыныстар айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы әр түрлі білім салаларының жетекші ғалымдары мен зерттеушілерін біріктіретін елдегі ең жоғары ғылыми ұйым. Академия Қазақстандағы ғылымның, технологияның және инновацияның дамуында маңызды рөл атқарады, ғылыми зерттеулерге, білімді таратуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседі.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...