АЭС құрылысының әсері талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қыркүйек 2024
  • 131

АЭС құрылысының әсері талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «АЭС-тің айналаға әсері қандай» тақырыбында кездесу өтті. Жиын Мұстафа Шоқай атындағы орталықта ұйымдастырылды. Кездесу барысында университеттің профессор-зерттеушісі, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов баяндама жасады.

Спикер АЭС құрылысының қоршаған ортаға ықпалы, экологиялық қауіпсіздік, радиациялық әсер және оның халық денсаулығына ықпалы секілді мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар АЭС-тің заманауи технологияларын пайдалану арқылы экологиялық әсерді азайту жолдары туралы нақты деректер келтірді.

Жиынға Гуманитарлық-педагогикалық институтының ғалымдары қатысып, кездесу соңында АЭС құрылысы төңірегінде өзара пікір алмасты.

459889215_1069933854876146_7874226257562144687_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...