Сарсенкүл Шайкамалқызы мерейлі 60 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қыркүйек 2024
  • 254

Сарсенкүл Шайкамалқызы мерейлі 60 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Информатика және АКТ» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Сарсенкүл Шайкамалқызының 60 жас мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға университеттің академиялық мәселелер бойынша проректоры Дана Абдрашева мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы Айтжан Жұмабайұлы қатысып, ғалымға білім мен ғылым саласындағы елеулі еңбегі үшін Алғыс хат табыстады. 

d853ea51-e397-448b-9311-0c4f7603f967.jfif 

d0df5fd5-3a03-46d8-b00e-9cf70386e3ba.jfif

564a4360-9e95-427b-be58-1a0950355351.jfif

Ғалым 2002 жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қызмет етуде. Еңбек жолында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, «Информатика және АКТ» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры қызметтерін абыроймен атқарып келеді. 

Сарсенкүл Шайкамалқызының халықаралық басылымдарда мақалалары жарияланып, 1 монография мен 3 оқу-әдістемелік оқулығы жарыққа шыққан.

Салтанатты жиын барысында мерейтой иесі құрметті қонақтар мен университет ұжымына алтын уақыттарын бөліп келгені үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Басқосудың соңы шәкірттерінің әсем әнімен қорытындыланды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...