Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасының Қорқыт Ата атындағы КУ-дағы инфосессиясы туралы Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 қазан 2024
  • 253

Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасының Қорқыт Ата атындағы КУ-дағы инфосессиясы туралы Хабарландыру

10 қазан күні сағат 10:00-де Студенттер сарайында Еуропалық Одақтың Эразмус + бағдарламасы бойынша ақпараттық сессия өтеді. Презентациямен Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова сөз сөйлейді. Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламалары, Эразмус Мундус бірлескен магистрлік бағдарламалары, жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобалары, Жан Моне жобалары жөнінде ақпарат ұсынылатын болады. Ақпараттық сессия барысында Эразмус бағдарламалары бойынша бәсекелестік жобалық өтінімді дайындау мәселелері талқыланады. Университеттің оқытушылары, қызметкерлері, бітіруші курс студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады.

 

Қорқыт Ата атындағы Халықаралық байланыстар бөлімі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...