Жас ғалымдардың қатысуымен атом электр станциясы туралы кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 қазан 2024
  • 364

Жас ғалымдардың қатысуымен атом электр станциясы туралы кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас ғалымдармен АЭС жайлы кездесу ұйымдастырылды. Ғылыми шарада спикерлер  АЭС-тің  қазіргі жағдайы мен болашағы түсіндірді. Спикерлер қатарында химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Аппазов, «Жас ғалымдар кеңесінің» төрағасы Нұрғали Ақылбеков және  коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев болды.

01.JPG

02.JPG

03.JPG

04.JPG

Кездесу барысында АЭС-тің энергетикадағы рөлі, оның экологиялық және экономикалық тиімділіктері, қауіпсіздік мәселелері жайлы кеңінен тоқталды. Нұрлан Орынбасарұлы еліміздегі АЭС құрылысындағы алғышарттар мен әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, тиімді  технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ал Нұрғали Ақылбеков АЭС-тің экологиялық артықшылықтары мен ядролық қалдықтарды өңдеу мәселелерін қозғаса, Нұржан Еділбаев АЭС құрылысы мен пайдалануының қаржылық аспектілерін талқылады.

Ғылыми кездесуде жас ғалымдар белсене пікір алмасып, атом энергетикасының болашағына байланысты өз ойларын ортаға салды. Шара соңында атом энергетикасы саласында жаңашыл көзқарастарды қалыптастыруға және ғылыми қауымдастықтың АЭС туралы тереңірек түсінік алуына үлкен септігін тигізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...