Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 қазан 2024
  • 766

Хабарландыру

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті білім алушылар арасынан студенттік Омбудсмен сайлау үшін конкурс жариялайды

Мақсаты: 
Студенттік омбудсмен лауазымына ең лайықты үміткерді анықтау арқылы университеттегі студенттердің құқықтарын қорғау, академиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету, студенттердің университет әкімшілігімен тиімді диалог орнатуына мүмкіндік жасау.

Міндеттері:
- Студенттердің құқықтарын қорғау саласында жұмыс істей алатын, адал және жауапты үміткерді анықтау;
- Студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы байланыс пен сенімді нығайту;
- Студенттік өмір сапасын жақсарту және әртүрлі әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге қатысу.

Конкурсқа қатысу шарттары:
1. Байқауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатыса алады.
2. Үміткер студенттер алдында беделді, жауапкершілігі мол және көшбасшылық қасиеттерге ие болуы қажет.
3. Үміткерлер студенттік мәселелерді шешу және университетте студенттерге қолайлы жағдай жасау бойынша нақты ұсыныстар беруі керек.
4. Үміткерлер конкурсқа тіркелу үшін өздерінің өтінімдерін (өмірбаян, мотивациялық хат және т.б.) Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасына ұсынады.

Байқау кезеңдері:
1. Тіркелу: 2024 ж. 9-13 қазан аралығында Бас оқу ғимараты, 3-этаж 316 кабинетте үміткерлердің тіркелуі жүзеге асырылады.  
 Қатысушылар өтінімдерін белгіленген мерзім ішінде тапсыруы қажет.
2. Институт студенттерімен кездесу:  
2024 ж. 14-20 қазан аралығында үміткерлер институт студенттерімен және жатақхана тұрғындарымен кездесіп, өз бағдарламаларын таныстырады.  Бұл кезеңде үміткерлер өздерінің идеялары мен мақсаттарын көпшілікке жеткізуге мүмкіндік алады.
3. Конкурс нәтижесінің жариялануы:  
Жеңімпаз 2024 ж. 22-24 қазан күндері @korkytata_university инстаграм парақшасында лүпіл жинау арқылы анықталады.  
 Нәтижелер университеттің ресми сайтында жарияланады.

Бағалау критерийлері:
- Студенттер алдында беделі мен тәжірибесі;
- Мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдері;
- Үміткердің ұсынылған бағдарламасының жүзеге асырылуы мүмкіндігі;
- Көшбасшылық және коммуникациялық дағдылары.

Жауапты тұлғалар: 
Конкурс комиссиясы құрамына университеттің профессор-оқытушылар, студенттік ұйымдар өкілдері және басқа да құзырлы тұлғалар кіреді.

Барлық сұрақтар бойынша жауапты: Сағнадинқызы Нұрайым, 87762106815

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...