«Референдум-2024: Қазақстанның атом энергетикасындағы жаңа қадамы»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қазан 2024
  • 257

«Референдум-2024: Қазақстанның атом энергетикасындағы жаңа қадамы»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Референдум - 2024» ғылыми-талқылау қорытынды жиыны  өтті. Жиынды модератор ретінде Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай жүргізді. Талқылауға университеттің профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты.

a296856a-49e2-429c-849d-897a4671142b.jfif

a423678e-090f-40fc-b12c-95513df4653e.jfif

6300d264-5385-4806-b085-a806a9632f5a.jfif

Жиынға қатысқан химия ғылымдарының кандидаты, Жаратылыстану институтының директоры Нұрлыбек Ахатаев  пен техника ғылымдарының кандидаты Смайыл Тайманов  атом энергетикасы саласындағы жаңа технологиялардың қауіпсіздігі мен экологиялық әсерлеріне тоқталды. Ал экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Меруерт Өмірзақова АЭС салу арқылы ел экономикасына әсер ететін факторларды саралады.

Айта кетейік, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты 6 қазанда жалпыхалықтық рефрендум өтті. Нәтижесінде, дауыс берушілердің 71,12%-ы жобаны қолдап дауыс берді.

Жиынның соңында қатысушылар АЭС-тің әлемдік энергетикалық үдерістегі рөлін талқылап, ел экономикасы мен экологиялық тұрақтылығы үшін тиімді және қауіпсіз шешім бола алады деп сенім білдірді.

8ff64614-0c1c-4dfe-9bf5-b517f10ca5b3.jfif

9b5ae7c7-85d4-43b9-b0ef-b2771ee94ef0.jfif

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...