Мадияр Дузумбайұлы: «Елімізді шетелде  барынша танытқымыз келеді»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 қазан 2024
  • 178

Мадияр Дузумбайұлы: «Елімізді шетелде  барынша танытқымыз келеді»

Бельгияда білім алып жүрген Мадияр Дузумбайұлы өзінің әсерімен бөлісіп, Ховест университетіндегі білім беру әдістемесін ерекше атап өтті: «Мұнда ұстаздар студенттермен еркін қарым-қатынаста жұмыс істейді, бұл бізді ынталандыра түседі. Сабақ барысында тек білім емес, әртүрлі елдердің мәдениеті мен тәжірибесінен де үйренеміз. Қазақстанға қайтқанда, осындай ортадан ажырау қиын болары анық. Елімізді шетелде  барынша танытқымыз келеді. Сондықтан туымызды арқалап, басқа ел азаматтарына беріп жүрміз».

Мадиярдың айтуынша, бастапқыда тілдік кедергілер кездескенімен, шыдамдылық пен жаңа ортаға бейімделу нәтижесінде олар бұл қиындықтарды жеңіп шыққан. Ол сондай-ақ көптеген студенттердің осындай мүмкіндіктер жайлы аз білетінін айтты: «Көптеген жастар жаңалықтардан хабардар болып, біздің жетістіктеріміз туралы білсе, шабыт алады деп ойлаймын»,-деді.

Мадияр шетелдегі өмірінің қызықтарын да бөлісіп, Бельгияның инфрақұрылымына таңданысын жеткізді: «Қалалар арасындағы пойыздар метро секілді. Ел аумағы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда шағын болғандықтан, кез келген қалаға оңай және арзан бағамен барып келуге болады. Жақында ғана Францияның Лилль қаласына барып қайттық».

Сонымен қатар, Мадияр жасанды интеллект пәнін оқып бастағанын және бұл салада өзін сынап көргісі келетінін айтты.

Қорқыт ата университетінің студенттері үшін Эразмус+ Халықаралық  кредиттік ұтқырлық бағдарламасы – шетелде білім алып, түрлі елдердің мәдениеті мен білім беру жүйесімен танысуға керемет мүмкіндік. Бұл тек білім алу ғана емес, сонымен қатар елдер арасындағы көпір боларлық тәжірибе.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...