Университет студенттері пәндік олимпиададан жеңіспен оралды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қазан 2024
  • 112

Университет студенттері пәндік олимпиададан жеңіспен оралды

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Болашақ табысты ұстаз - ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға күндізігі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушылары қатысып,  жалпы 17 команда, 68 студент білім додасында бақ сынады.

Сайысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Арайлым Сәбитқызы, Тоқжан  Сейіт, Айгүл Мұрат және Дариға Бекайдарова қатысты. Команданың ғылыми жетекшісі - магистр, аға оқытушы Айнагүл Абуова.  

ХV Республикалық пәндік олимпиада төрт кезеңнен тұрды. Нәтижесінде, жеңіс тұғырынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті көрінді. Ал ІІ–орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, ІІІ-орынды А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті мен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті иеленді.

pedagok (3).jpeg

pedagok (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...